Сапар барысында қонақтар кәсіпорынның өндірістік қуатымен, вагон құрастыру саласындағы заманауи технологиялық үдерістермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Делегацияға зауытта шығарылатын өнімдер мен өндірісті одан әрі дамыту перспективалары таныстырылды.
Кездесу барысында тараптар отандық машина жасауды дамыту, өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттыру және сала кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар отандық жылжымалы құрам өндірушілерін қолдау, қазақстандық өнімді ілгерілету, тәжірибе алмасу және Қазақстан Республикасының теміржол машина жасау саласын дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.