Сапар барысында Теңіз кен орнын игеру жөніндегі ең ірі оператордың өкілдері компаниялар тобының өндірістік алаңдарымен, кәсіпорындардың негізгі қызмет бағыттарымен, сондай-ақ вагон құрастыру, көлік логистикасы және өнеркәсіптік өндіріс салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
Өндірістік нысандарды аралау барысында қонақтарға «Махамбет» өнеркәсіптік-өндірістік кешені аумағында орналасқан вагон сервистік орталығы таныстырылды. Оның құрамына вагон-доңғалақ шеберханасы, ТМД кеңістігіндегі ең заманауи әрі инновациялық жөндеу-сынақ кәсіпорны, жаңа вагон жөндеу кәсіпорны, вагондарды (цистерналарды) жуу пункті, сондай-ақ сұйытылған газды сақтауға арналған ең ірі қойма кіреді.
Атырау вагон құрастыру зауытында қонақтар люкті жартылай вагондарды өндіру желісін, сондай-ақ сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған цистерналар шығаратын ең инновациялық өндіріс желісін аралап көрді.
Texol компаниялар тобы кәсіпорындардың қызметіне қызығушылық танытып, жергілікті қамтуды дамытуға және Қазақстанның мұнай сервистік нарығын одан әрі нығайтуға бағытталған сындарлы диалог үшін «Теңізшевройл» ЖШС басшылығы мен өкілдеріне алғысын білдіреді.