Атырау вагон қүрастыру зауыты сериялық өндіріске сертификат алды
2025-12-17 10:00
2025 жылғы 16 желтоқсанда Атырау вагон құрастыру зауыты теміржол қозғалмалы құрамының қауіпсіздігі жөніндегі ТР ТС 001/2011 техникалық регламент талаптарына сәйкес өнімді сериялы түрде шығару құқығын растайтын сәйкестік сертификаттарын алды.
Сертификаттар ЛСВФ 661351.006ТУ «Мұнай өнімдері тасымалдауға арналған цистерна вагоны», 15-3237 моделі, және ЛСВФ 661356.005ТУ «Сұйытылған көмірсутек газдарын тасымалдауға арналған цистерна вагоны», 15-3234 моделі бойынша берілді, бұл кәсіпорынға өнімді сериялы түрде шығару құқығы бар екенін растайды.
Сертификаттарды алу кәсіпорынның дамуы үшін маңызды кезең болып табылады.