Люкпен жабылатын жартылай вагон, фитинг платформасы және екі осьті тележкінің сынақ үлгілері сәтті аяқталды
2024-12-13 10:00
Люкпен жабылатын жартылай вагонның, фитинг платформасының және осьтік жүктемесі 23,5 тс екі осьті тележкінің сынақ үлгілерінің қабылдау сынақтары 1520 мм теміржол желісі бойынша пайдалануға рұқсат алу үшін сәтті аяқталды.
Айта кетейік, сынақтар 3 ай бойы теміржол техникасын сынау полигондарында жүргізілді. Кеше АВҚЗ-да қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталды. Комиссия зауыттың өндірістік мүмкіндіктерін бағалап, оның барлық нормативтік талаптарға сай вагондар шығаруға дайын екенін растады.
«Комиссияның соңғы ұсынымы бізге КТЖ-дан мөрлеудің шартты нөмірін алуға кірісуге және әр өнімге сәйкестік сертификатын алғаннан кейін тәжірибелік партияны шығаруды бастауға мүмкіндік береді. Бұл біздің бүкіл индустриялық тобымыз үшін өте жақсы жаңалық. Біз жылды жоспарға сәйкес аяқтап отырмыз және 2025 жылы бірінші сериялық вагон партиясын өндіре аламыз», – деп атап өтті «Texol Industrial» тобының жетекшісі Борис Харисович Зиғаншин.