АВҚЗ Жаңалықтар

23 сәуір күні Астанада жыл сайынғы 6-шы халықаралық мамандандырылған Kazakhstan Machinery Fair көрмесі басталды.

Бұл көрмеде TEXOL компаниясы Атырау вагон құрастыру зауытын (АВҚЗ) ашық экспозицияда ұсынды. Экспозицияда 2024 жылы зауытта өндіріліп, сынақтан сәтті өткен және сертификатталған сусымалы жүктерге арналған жартылай вагон үлгісі көрсетілді.

Машина жасау жәрмеңкесі Қазақстанның және шетелдік компаниялардың басын біріктіріп, EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында металл өңдеу және машина жасау саласындағы озық технологиялар мен жабдықтарды ұсынды.

Ашылу салтанатына ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Чех Республикасы Өнеркәсіп және сауда вице-министрі Мартин Фржелич, Қазақстан машина жасаушылары одағы басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев, Leipziger Messe компаниясының бас директоры Маркус Гайзенбергер және AstanaExpo компаниясының атқарушы директоры Қуаныш Қанапьянов қатысты.

24 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XII форумын ашып, АВСЗ экспозициясымен жеке танысты